Ақпанның 28 — Григориан күнтізбесінде жылдың 59-шы күні. Жылдың аяғына 306 (кібісе жылдарда 307) күн қалады.
Мерекелер , Калевала күні , Патрульдік-күзет қызметі қызметкерлерінің күні
Оқиғалар 1989 жылы 28 ақпан – Алматы қаласында «Невада – Семей» қоғамдық қозғалысы дүниеге келді. Осының артынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесі сол кездегі Семей облысындағы ядролық полигон маңайындағы экологиялық жағдайдың жай-күйін бақылау мақсатымен арнайы комиссия құрды. Республика басшылығы тарапынан қолдау тапқан бұл қозғалыс Семей ядролық полигонын жабу ісіне өзіндік үлесін қосты. 1854 жылы АҚШ Республикалық партиясы құрылды. 1855 жылы алғашқы локоматив Атлантикадан Тынық мұхитына Панама теміржолымен өтті. 1935 жылы Уоллес Каротерс нейлонды ойлап тапты. 1955 жылы Ханой-Бейжің-Мәскеу-Берлин теміржол желісінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Туғандар 1533 — Мишель Монтень, француз философы (1592). 1802 — Эрнст Фридрих Цвирнер, неміс архитекторы (1861). 1823 — Жозеф Эрнест Ренан, француз жазушысы, тарихшысы және шығыстанушы (1892). 1846 — Жабаев Жамбыл (1945 жылы қайтыс болды), қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. 1901 — Лайнус Карл Полинг, американ химигі, химиядан 1954 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты және 1962 жылғы бейбітшілік Нобель сыйлығының лауреаты (1994). 1915 — Питер Брайан Медавар, ағылшын биологы , физиология және медицинадан 1960 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты (1987 ж. қайтыс болды). 1918 – қазақтың белгілі композиторы Садық Кәрімбаев дүниеге келді. Бала күнінде шешекпен ауырып, зағип болып қалған сазгердің шығармалары кеңестік дәуірдің ән шежіресі іспетті.
Қайтыс болғандар 1896 — Анте Старчевич, хорват саяси қайраткері және жазушысы. 1936 — Шарль Николь (1866), француз микробиологы, 1928 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. 1940 — Александр Михайлович Безредка, әйгілі француз микробиологы және иммунологы (1870). 2006 — Оуэн Чемберлен (1920), атом бомбасын құрастырған американ физигі, Эмилио Сегрмен бірге 1959 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
Санат:28 ақпан