Селжүктер — түркі-оғыз тайпаларының бір тармағы. Құрамына қынық тайпасы басшылығындағы әр түрлі оғыз тайпалары кіріп, қынықтардың тайпа көсемі Селжүк бектің атымен аталған. Селжүк әулетіне бағынды және саяси тарихы Салжұқ сұлтандығымен тығыз байланысты болды. Салжұқтар 11 ғасырдың 40–80-жылдары Орталық Азияның бір бөлігін, Иранның көп бөлігін, Әзербайжан, Күрдістан, Армения, Грузия, Ирак, Кіші Азияны, т.б. аумақтарды жаулап алды. Белгілі көсемдері — Тоғрыл бек, Алып Арслан, Мәлік шах I. Мәлік шахтың (1073–1092) тұсында саяси күш қуаты барынша артты. Бірақ көп ұзамай салжұқтар құрған мемлекет ұсақ сұлтандықтарға бөлініп, бірте-бірте жойылып кетті. Салжұқтар XI–XIII ғасырларда басқа да оғыз тайпаларымен және Иран, Әзербайжан, Кіші Азияның байырғы тұрғындарымен араласып, бірте-бірте соларға сіңісіп кетті. Олар қазіргі түріктер, Әзербайжан, түрікмендер, т.б. түркі халықтарының ұлт ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқардыҚазақ энциклопедиясы, 7-том. thumb|right|300px|1092 жыл Мәлік шах I қайтыс болғаннан кейінгі Ұлы Селжұқ империясы Бұл карта, әсіресе Жерорта теңізі мен Қара теңіз бойында, басқа карталардан сәл ерекшеленеді.
Дереккөздер
Санат:Селжұқ әулеті