Сауыт: 1) (көне.) садақ, қылыш, найза, т.б. қарулардан қорғануға арналған киім. Ол ұзын темір шығыршықтарды бір-бірінен өткізіп тоқылған тордан қысқа жейде түрінде жасалады. Сауыттын дулығасы, бұған қосымша мойынды жабатын жалбағай сауыт пен қол сауыт, аяқ сауыт темір шығыршықтан жеке тоқылады.
Алғаш Сауыт I мың жылдықта Ассирияда пайда болған. Кейін бар елдерге тарады. Қазақстанның ежелгі тұрғындары — сақтар да сауыт жасаған; 2) адамдарды, әскери техниканы және қорғаныс құрылымдарын әртүрлі жою құралдарының әсерінен сақтайтын құрал. thumb|left|150px Ең көп тарағаны — болатты сауыт. Сонымен қатар жеңіл болуы үшін аллюминий қорытпаларынан, идастмасса, қыш және композициялық материалдардан жасалынған "Стар" да қолданылады. Снарядтар мен ядролық қарудың жою факторларынан тиімді кешендік сақтау үшін әртүрлі материалдардың қабатынан тұратын (болат, жеңіл қорытындылар, пластмассалар, шыны талшықты, қыш және басқалар) аралас сауыттар колданылады.
Экрандалған (бөлінген) сауыт негізгі сауыттық бөліктен және оның алдында кішігірім қашықтықта орналаскан жіңішке металл бөлігінен, армираланған тордан немесе резинадан жасалған экраннан тұрады.
Экран кумулятивтік оқ-дәрінің ерте жарылуына себеп болып, оның негізгі сауытқа әсерін азайтады. Сауытты танкілерге, ұшақтарға және басқаларға қояды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Сауыт түрлерi Жапон сауыты
Дәстүрлі қазақ сауыт түрлері Аймауыт Шар-айна Зере Ақ сауыт Көк сауыт Торғауыт Кіреуке Көбе Қалқан
Дереккөздер
Санат:Әскери іс Санат:Сауыттар
be:Браня bg:Броня ca:Armadura cs:Zbroj da:Rustning de:Rüstung eo:Kiraso es:Armadura (combate) fa:زره fi:Haarniska fr:Armure (équipement) gd:Armachd gl:Armadura hr:Oklop hu:Páncél id:Baju zirah is:Herklæði it:Corazza ja:鎧 ko:갑옷 lt:Šarvai mr:चिलखत nl:Harnas no:Rustning oc:Armadura pl:Zbroja pt:Armadura ro:Armură sl:Oklep sq:Armatura xal:Лувц zh:盔甲