Степняк алтын кен орны – Ақмола облысы жерінде орналасқан. Қазақстандағы ең көне алтын кенді нысандарға жатады. Көне кен үңгімелерінің ізі бойынша ашылған (1896, Коузов).
Геологиялық құрылымы, сипаты Кенді алаң ортаңғы ордовиктің терригендік қат-қабат тау жыныстары (конгломерат, олигомиктілі құмтас, құмайттас пен сазды тақтатас) мен степняк нысанының интрузия тау жыныстарынан (габбро, диорит, гранодиорит, т.б.) құралған. Кеннің таралуында интрузиялық тау жыныстары мен тектоникалық жарылымдар маңызды орын алады. Олардың ықпалынан кенсыйыстырушы тау жыныстары әр түрлі дәрежеде метаморфтанған. Негізгі кентас кварц желілерінде шоғырланған. Алтынның тазалығы – 876 – 908. 3 кен орнында 60-тан астам желі бар.
Минералдары, құрамы Басты минералдары: пирит, арсенопирит, саф алтын, күміс, графит, сфалерит, пирротин, т.б. Массивтің ұзындызы 7 км, ені солтүстік бөлігінде 2,5 км, ал орталығы және оңтүстігінде 1,4 км. Желілік минералдарда кварц (93%-ға дейін), кальцит, арагонит, анкерит болады. Кендегі алтынның мөлшері өзгеріп отырады, сынамы 830 – 908. Құнарлы кендері солтүстік-батыста шоғырланған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақмола облысы кен орындары Санат:Қазақстан алтын кен орындары