Талғар ауданы – Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1969 жылы құрылған. Орталығы – Талғар қаласы.
Географиялық орны Солтүстігінде Қонаев қаласымен, шығысында Еңбекшіқазақ ауданымен, батысында Іле, Қарасай аудандарымен және Алатау, Алматы қалаларымен, оңтүстігінде Кеген ауданымен шектеседі.
Аудан Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. Аймақтың климаты шұғыл континенталды, жазы ыстық және қысы суық. Топырақтары негізінен қара каштан, олар оңтүстік бөлігінде қара топырақтармен алмастырылған. Аудан жерінде мұздықтардан бастап жартылай шөлді аймақтарға дейінгі ландшафттар қалыптасқан. Пайдалы қазбалардан тас, гранит, құм, қиыршық тас және саз кен орындары бар.
Облыс аумағында ерекше қорғалатын Алматы ұлттық қорығы, Іле Алатауы ұлттық паркінің бөлігі бар.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Халқы 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 78211 89543 91545 132692 161724 228232 Аудан халқының саны 196 567 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (63,77%), орыстар (18,25%), ұйғырлар (9,69%), түріктер (2,57%), әзербайжандар (1,60%), күрдтер (0,77%), татарлар (0,56%), корейлер (0,44%), немістер (0,42%), өзбектер (0,36%), гректер (0,30%), украиндар (0,20%), қырғыздар (0,18%), поляктар (0,12%), шешендер (0,13%), дүңгендер (0,02%), беларустар (0,03%), басқалары (0,59%).
Әкімшілік бөлінісі 46 елді мекен 1 қалалық әкімдік және 10 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Алатау ауылдық округі Қызылқайрат ауылы 9 15982 Белбұлақ ауылдық округі Белбұлақ ауылы 3 17867 Бесағаш ауылдық округі Бесағаш ауылы 2 16824 Бесқайнар ауылдық округі Бесқайнар ауылы 2 2961 Гүлдала ауылдық округі Гүлдала ауылы 3 11876 Кеңдала ауылдық округі Кеңдала ауылы 4 22843 Қайнар ауылдық округі Еркін ауылы 10 12633 Нұра ауылдық округі Нұра ауылы 4 9335 Панфилов ауылдық округі Панфилово ауылы 7 31447 Талғар қалалық әкімдігі Талғар қаласы 1 63883 Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылы 1 21693 ЖАЛПЫ САНЫ — 46 227344
Туризм нысандары Алматы ұлттық қорығы, Талғар шыңы (5017м), Нұрсұлтан шыңы (4376м), Молодежный шыңы (4147м), Амангелді шыңы (3970м).
Спорттық шыңдалу нысандары Табаған спорт және демалыс жүйесі. Ақбұлақ кешені - Қазақстан ұлттық бокс, футбол жастар құрамасы, алматылық Алматы хоккей клубы, биатлоншылар жаттығатын, жарысатын кешенді орын.
Дереккөздер
Санат:Талғар ауданы