Жеменей – Кендірлік өзенінің саласы.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы жерімен ағады. Өзендер Кендірлік және Үйдене өзендерінің алаптарында орналасқан.

Бастауы Сауыр-Сайхан тауынан бас алып, Кендірлік өзеніне құяды. Ұзындығы 53 км., алабы 526 км² өзен. Оның Үлкен Жеменей (ұзындығы 27 км., алабы 147 км²), Кіші Жеменей (ұзындығы - 15 км, алабы 33 км³) тарамдары бар.

Атау сыры Атаудың бірінші сыңарындағы жем сөзі арқылы жасалған өзен аттары басқа облыстарда кездеседі. Мысалы, Жем - Ақтөбе облысынан басталып, Каспий теңізіне құятын өзен, Қарагем - Шығыс Қазақстандағы өзен. Бұл Жем атауы түркі, моңғол, иран, т.б. тілдерде "өзен" мағынасында қолданылатын гем/кем/хем/кен/қам/қан тұлғаларында жиі қолданылады. Ал Жеменей атауының екінші сыңарындағы еней сөзі тілімізге етене жақын байырғы ене (ана) сөзі болса, сөз соңында й - атай, апай, әжей сияқты туыстық терминдерге қосылып, құрметтеу, сыйлау мәнін білдіретін көне қосымша. Олай болса, Жеменей атауы Енисей (Енесай), Абақан (аба - "апа", "ана", қан (кан) - "өзен" деген сияқты) "ана өзен" мәнінде қойылған деп топшыланады. Үлкен өзендерді анаға, патша әйелге балау түркі тілдерінде ежелден бар дәстүр болғаны тарихтан мәлім. Орыстарда да "Матушка Волга" деуі Еділ бойын мекендеген түркі халықтарының әсері екені даусызТ.Жанұзақ. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры. 3-том., 81-б. Алматы: Дайк-Пресс. - 2007. 519 б.-ISBN 9965-798-40-06.

Дереккөздер

Санат:Зайсан ауданы өзендері Санат:Зайсан су алабы