Қаракемер — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Қаракемер ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Аса ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде, баялыш, көкпек, боз жусан аралас сұр, сортаңды сұр және шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен540 1718 111,6 797 892 111,9 743 826 111,2
Тарихы 1969 – 1997 жылдарда қазақ жайылым ғылыми-зерттеу институтының Қаракемердегі тәжірибе шаруашылығы ретінде қаланды. Оның негізінде «Қаракемер» ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар.
Қаракемер ауылы - ауыл маңында биік құм кемері болғандықтан "Қаракемер" атанған. Тараз - Ақкөл автожолының бойында орналасқан. Жері жазықтар мен төмпешіктер, сайлар мен ойпаңдар болып келеді. Талас ауданымен шекаралас Мойынқұм құмды алқабына ұласады.
Қаракемер Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қол өнердің орталығы болғандығын ауыл маңынан керамикалық ыдыстардың, тиындардың табылғандығы көрсетеді. Қаракемер ауылының оңтүстік-батысына қарай 2 км қашықтықта орналасқан VII-XII ғасырдағы Адахкент қаласының орны бар, оны 1939 жылы ғалым А.Н.Бернштам зерттеген.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері