Үшбұрыштардың ұқсастық белгілері (белгілердің біреуі орындалса, үшбұрыштар ұқсас болады):

Екі бұрышы бойынша: егер бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар ұқсас болады:

Екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы бойынша: егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы, екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасына пропорционал және арасындағы бұрышымен тең болса, онда мұндай үшбұрыштар ұқсас болады.

Үш қабырғасы бойынша: егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы сәйкес екінші үшбұрыштың үш қабырғасына пропорционал болса, бұл үшбұрыштар ұқсас болады:

Тік бұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілері Белгілердің біреуі орындалса, үшбұрыштар ұқсас болады:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына тең болса, Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың екі катеті екінші тік бұрышты үшбұрышының екі катетіне пропорционал болса, Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен катеті екінші тік бұрышты үшбұрышының гипотенузасы мен сәйкес катетіне пропорционал болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар ұқсас.Геометрия, 9 сынып. Атамұра, 2019. 98,99 бет

Санат:Үшбұрыш геометриясы