«Әскери коммунизм» саясаты: Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақстандық практикасы мен ақиқаты''' Ленин социалистік революцияның стратегиялық мақсатын «бүкіл өндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды.Ленин В.И. Поли. собр. соч. Т. 35, 210-6.. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бәрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады».Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т. 6, 715-6..

Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.

Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды.Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы Гражданской войны. Автореферат дис. д.и.н. А.-А., 1970, 15-6.; Покровский С.Н. Разгром интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане. А.-А., 1967, 109-6..

Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын.Ленин В.И. Полн. собр. соч. Т. 30, 71-6.. «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.

Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дәл айқындайтын болды.

Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркәсіптін қирауына әкеліп соқтырды. Соңғысы бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылатындықтан, ондағы орасан зор тапшылықты тек станокта басып шығару арқылы ғана жабуға болатын еді.

Өнеркәсіп және қаржы саласындағы күйзеліс жағдай Өнеркәсіптегі және қаржы саласындағы күйзелісті жағдайды, 1918 жылдың көктемі мен жазындағы аса ауыр азық-түлік тапшылығын, сондай-ақ енді басталған Азамат соғысын алға тартып, большевиктер ақталуға, тіпті өздері қалаған тауарсыз утопиясын жүзеге асыру жөніндегі экспериментін барынша ұтымды түсіндіруге тырысты. Ол бойынша коммунистік өндіріс пен болу деп аталатын принципке тікелей көшу жағдайы қарастырылды. Мұндай саясат «әскери коммунизм» деп аталды. Осы идеологияның ауқымында нарық пен тауар-ақша қатынастарын толықтай тұншықтыру, экономикалық институттар мен ынталандыру тетіктерін экономикадан тыс директивалық-болу жүйесімен ауыстыру, өндіріс пен бөлуді орталықтандыру көзделінді. Қарапайым тілмен айтқанда, мұның өзі экономикалық өмірді толықтай билік қыспағында ұстауды, оның барлық саласына бірдей қатаң мемлекеттік бақылау орнатуды, социалистік теңгермешілік әдістін еңгізілуін білдіреді.

Мұндай саясат, экономикалық организмді сауықтыруға тіпті де ықпал ете алған жоқ, еңбек тиімділігін көтеруге емес, қайта оны құлдыратуға жеткізді, онсыз да соғыс жылдарының ауыртпалығымен күйі қашқан өндірісті онан әрі аздырып-тоздырды. 1920 жылғы өнеркәсіп санағының деректері бойынша Қазақстанда 891 кәсіпорын жұмыс істемеді, жұмысшылардын жылдық саны 1913 жылғы 20 мыңнан 1920 жылы 8 мыңға дейін азайды.Очерки истории народного хозяйства Казахской ССР. Т. 1. А.-А., 1959, 13-6..

Ауыл шаруашылығында «әскери коммунизм» саясатының жиынтық бейнесі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың салғырттық жүйесі түрінде көрініс тапты. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды селолық кедейлер комитеттері (кедейлер комитеттерінің саны Қазақстанда онша көп болған жоқ) мен шаруалар өндірген өнімдерді (ең бастысы, астықты) «революция пайдасына» күштеп жинап алатын қарулы жұмысшылар отрядтары жүргізді.

Астыққа мемлекеттік монополия мен салғырт ісі Қазақстанда 1920 жылдан бастап кең көлемде жүзеге асырылды. Осы жылдың басында салғырт (ет салымы) әдісі мал шаруашылығында да кеңінен қолданыла бастады.

Мәселен, 1921 жылы Батыс Қазақстанның Орал және Бөкей губернияларында салғырткқа қатысты азық-түлік дайындау органдарының шаруалардың қолындағы малын тартып алуы 120 және 112%-ды құрады.Отчет Киркнаркомпрода с 21 қазан 1921 г. Б.м., 12-6.. Бұл жоғарғы көрсеткіш партия органдарының осы фактілер туралы берген есептерінде айтылғандай, тіпті де «малшылардың революциялық құштарлығымен» емес, «пролетариат өкілдерінің» революциялық қыспағымен түсіндіріледі.КР ҮҒА Тарих жэне этнология институтынын колжазба коры, инв. №43, 78-п..

Егін өсіретін шаруашылықтардан астық бір дән де қалдырылмастан түгелімен тәркіленді. 1920 жылы мамыр айының ортасында азық-түлік комитеттері азық-түлік диктатурасын орнату, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мен оны бөлуге мемлекет монополиясын орнату туралы жасырын партиялық нұсқау алды.

Шаруаның көктемгі тұқым себу науқаны аяқталысымен, РКФСР үкіметі декрет шығарды (1920 жылғы 20 маусымда), сол декретке сәйкес Сібірдің және Қазақстанның соған шектес азык-түлік салғырты. 1920-шы жылдар аумақтарындағы астық өсіру шілері әскери тәртіппен астық бастыруға және «артық» астықтарының барлығын тапсыруға міндеттелді.

Осы нұсқау бойынша 1920-1921 жылдардағы азық-түлік дайындау науқанында Сібірдегі аудандардан 110 млн пұт көлемінде азықтық жем алынды, онын 35 млн пұты, яғни үштен бірінен астамы Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының мойнына түсті. Және бұл 1920 жылғы астықтың өнімділігі айтарлықтай төмен болған кезде жүзеге асырылды.Декреты Советской власти. Т. 9. М., 1978, 240-243-6.; Продовольственный бюллетень. Омбы, 1920, 2-6..

«Әскери бұйрықты» орындауға Халық Комиссарлары Кеңесі Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесіне (ВЦСПС) қарасты Әскери азық-түлік бюросының 6 мың азық-түлік отрядтарын, 9,3 мың азық-түлік дайындау армияшыларын, Орталық Ресейдің, Мәскеудің, Петроградтың, өнеркәсіпті Оралдың ашыққан губернияларының 20 мың жұмысшылар мен шаруаларды жіберді. Сонымен бірге «пролетариат өкілдеріне» мынадай нұсқау берілді: «Артық астығы бар және оны астық құю пункттеріне тасып апармаған барлық адамдар халық жаулары деп жарияланып, Революциялық сотқа берілсін және кемінде 10 жыл түрмеге отырғызылсын, бүкіл мүлкі тәркіленіп, қоғамнан біржолата қуылсын...» (В.И. Ленин).Декреты Советской власти. Т. 9, 240—243; Ленин В.И. Полн. собр. соч. Т. 41, 313-6..

Батыс Қазақстанда да ақылға сыймайтын тапсырмалар белгіленді. Астық шығып жарытпаған Орал губерниясында 1920 жылы салғырт бойынша 1,5 млн пұт астық тартып алынды, соның салдарынан мұнда азық-түлік тұтыну тапшылығы 2—2,5 млн пұтқа жетті.Вторая Киргизская областная конференция РКП(б). Протоколы. А.-А., 1936, 71-6.. Қазақстанның барлық аймағындағы жағдай осындай еді. Елдің әр түрлі өңірлеріндегі азық-түлік жағдайы туралы жазбасында Лениннің Қазақстанға сілтеме жасай отырып: «Астық шаруалардан түгелімен сыпырылып алынды. Түк қалған жоқ...» деуі тегін емес. Рас, бұл арада ... көсем сұрақ белгісін қояды, шамасы күдіктеніп, мүмкін ұраларды тағы бір сүзіп шығуға болмас па екен деді ме екен?

Соғыс жылдарының салдары, осы кезеңге тап келген табиғат ауыртпалығы (құрғақшылық және т.б.) және ұтымсыз экономикалық саясат ауыл шаруашылығында жаппай сипаттағы қирап, құлдырау үрдісін тудырды.

Егіс алқабы 1914 жылмен 1922 жыл аралығында 2 еседен астамға (3,6 млн десятинадан 1,6 млн десятинаға дейін) қысқарды, астықтың жалпы өнімі 3 еседен астам азайды.Ленин В.И. Полн. собр. соч. Т. 42, 385-6..

Мал шаруашылығы саласы да өте ауыр жағдайда қалды. 1914 жылдан 1922 жылға дейін ірі қара малдың саны 2,1 млн басқа, жылқы 2 млн басқа, қой-ешкі 6,5 млн басқа дерлік және түйе 300 экономикалық салдары күйзеліске ұшыраған Батыс Қазақстан (Орынбор губерниясы, Ақтөбе облысы, Бөкей Ордасы) өңірі мен Ақмола облысының бір бөлігін де апатты азық-түлік жағдайына әкеп соқтырды. Бұл өңірлерде eric алқабы 1917 жыл мен 1921 жыл аралығында 55%-ға дейін қысқарды (бір шаруашылықта орта есеппен 5,5 десятинадан 2,7 десятинаға дейін). Өірде азық-түлік тұтыну тапшылығы 10,7 млн пұтты құрады. 1,4 млн адам аштықтан қырылу шегіне жетті.Сборник статистических сведений о движении населения, скота и урожаев по КССР с 1880 по 1922 жж. Оренбург, 1925, 68-69-6. 12; Сонда, 44-45-6.. Аш адамдарға көмек көрсетудің қолға алынуына қарамастан (тек америкалық АРА көмек ұйымының өзі Батыс Қазақстанда көптеген адамдарды, ең алдымен балаларды құтқарып қалды, оларға асханалар мен жүрек жалғайтын пункттер ашты) осындай төбе құйқанды шымырлататын апаттан мыңдаған, тіпті он мыңдаған адам құтыла алмады.

Ауылдар мен деревнялардағы наразылық Мемлекеттің күштеу саясаты ауылдар мен деревняларда наразылықты одан әрі өршітті. Тұтас алғанда кейбір жағдайларда билік орындары жүргізген әкімшілік террорға өштесу, ашық бүлікке және шаруалар тарапынан қарулы қарсылыққа ұласты. 1920 жылы Қазақстанның көптеген өңірлерінде «Коммунистерсіз кеңестер үшін», «Азық-түлік салғырты жойылсын!», «Коммунистік азық-түлік диктатурасы жойылсын!» деп ұрандаған көтерілісшілер шеруі бұрқ етті. Көтеріліске шыққан шаруалар мұнда отрядтар мен «көтерілісшілер армияларын» құрды. 1920 жылы Семей облысы мен Павлодар уезінде большевиктерге қарсы ірі наразылық шеруі ұйымдастырылып, олар 10 мың адамдық «Көтерілісші халық армиясы» бақылауында болды. 1921 жылғы ақпанда «Сібір шаруалары одағы» бастаған көтеріліс Батыс Сібір өңірі мен Солтүстік Қазақстан аудандарын қамтыды: оған қатысушылар саны 30 мың адамға жетті. Көтерілісшілер уақытша болса да Петропавл және Көкшетау қалаларын басып алды. Қостанай губерниясы аумағында сан жағынан айтарлықтай қомақты «Шаруалардың жасыл армиясы» әрекет етті,бұрынғы Ресейдің қызыл шаруалар армиясы (РККА) дивизиясының командирі А. Сапожков басқарған, өздерін «Әділетті Қызыл армия» деп атаған қарулы отрядтар Батыс Қазақстанда бүлік шығарды. Ашықтан-ашық көтеріп, шаруалардың қарулы қарсылығына ұласқан наразылықтар Қазақстанның басқа губернияларына да таралды.Ленин В.И. Поли. собр. соч. Т. 45, 282-6..

Осы қимылдардың бәрін билік аяусыз қанға бояп басты және кейін Бүкілодақтық Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның (ВЧК) есептерінде ол банды-кулактардың әрекеті ретінде бағаланды. Осыған орай, атап өткен жөн, шынында да көтерілісшілермен айқын қылмысты элементтердің де ауыз жаласқаны жиі кездесті, сондай-ақ бірқатар жағдайларда өзінің стихиялы бүліктік сипаты бойынша тұйыққа тіреліп, адамдарды әбден ашу-ызаға булықтырған шаруалар қарсылығы мүлдем ақтауға болмайтын қатыгез әрекеттерге ұласты. Дегенмен мынаны да мойындау керек: көтерілістердің әлеуметтік негізі жаппай сипатта және шаруаларға ғана тән болды, ал оның себебі ауылдың тауар өндірушілерін барып тұрған қаталдықпен кемсіткен «әскери коммунизм» саясатына деген ащы наразылықта еді.

«Азық-түлік майданын» ашып және оны орындауға қарулы «азық-түлік армиясын» аттандыра отырып, Кеңес үкіметі шағын азаматтық соғыспен құтылды, осылайша әскери жағынан ұтқанмен, саяси жағынан ұтылды.

Сөйтіп, 20-жылдардың басында Қазақстанда қалыптасқан жағдай елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың жалпы бейнесін ашып көрсетті. Бұл арада да, барлық жердегі сияқты экономикалық қатынастарды қалпына келтіру, жаңа шаруашылық саясатына көшу қажеттігі айқын көрінді.