|thumb|300px|left|Флегрин аралдары Искья () — Италияның шығыс жағалауындағы Тиррен теңізіндегі жанартаулы арал.
Географиясы Кампания облысының құрамына кіреді. Капри және Прочида аралдарымен бірге Неаполитан шығанағының үш негізгі аралдарының бірі болып саналады. Аумағы 46 км² шамасында. Халқы 62 мың адамdemo.istat.it 31/08/2009. Аралдың басты қаласы - Искья (18 253 адам). Искья — Неаполитан шығанағындағы ең үлкен арал (Тиррен теңізінде, Неапольден 40 шақырым және континеттен 7 шақырым).
Аралдың орталық бөлігінде Эпомео (789 м) және Тработти (512 м), ал оңтүстік-шығысында Монте-Веззи (Пьедимонте) (395 м) жанартаулары орналасқанPrinceton Encyclopedia of Classical Sites. Искьядағы соңғы жанартау атылуы 1301 жылы болған.
Аралдың назар аударарлық орындары Жергілікті назар аударарлық орындарының қатарына орта ғасырларда көне бекіністен қайта салынған Арагон қамалы жатады. thumb|left|300px|Арагон қамалы.
1949 жылы осында ағылшын композиторы сэр Уильям Уолтон және оның әйелі Сюзанна Гил көшті.
Батыс жағалауындағы Картароман айлағында жылы су бұлақтары, теңіз және бальнеологиялық шипажайы орналасқан. Мұнда «Эден бағы» жылы су саябағы орналасқанИскья.
Аралда вулканизммен байланысты қатты қысыммен су буының атқылауы, туристтерді сирек кездесетін табиғи көріністер көп қызықтырады.
Дереккөздер
Санат:Италия аралдары Санат:Тиррен теңізі аралдары