Қызылқұм — Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл, Қызылқұм ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 85 км жерде, Қызылқұм магистральды каналы бойында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1886 адам (985 ер адам және 901 әйел адам) болса, 2009 жылы 2364 адамды (1199 ер адам және 1165 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том + Саны (1999, 2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18862364 4146 175,4 1199 2199 183,4 1165 1947 167,1

Тарихы Ауыл 1975–97 жылдары күріш өсіретін Қызылқұм кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде Қызылқұмда шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, кітапхана жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Шардара ауданы елді мекендері