Сергей Александрович Хижниченко (17 шілде 1991, Өскемен) — қазақстандық футболшы, «Алтай» клубының шабуылшысы.

Футбол әлеміндегі жолы Восток Өскемен "Восток" футбол клубының тәрбиеленушісі. 15 жасында ең бірінші ойынының өзінде соққыларымен көзге түсіп, дебют жасаған. Клуб қазақстандық Премьер-лигадан шыққаннан кейіе астаналық "Локомотив" клубына көшеді. Локомотив Алғашында қосымша топта болып, ойыншылардың орнына жиі шығып жүреді. Наурыздың 22 күні "Қайрат" футбол клубымен өткен матчта көзге түседі. 2010 жылы "Шахтер" клубымен ойынның 6 айналымында гол соғып, матч соңына 14 мин қалғанда есепті өзгертеді. Жетістікері «Шахтёр» (Қарағанды)

Қазақстан чемпионы 2011-2012 Қазақстан кубогының жүлдегері 2013 Қазақстан Суберкубогының жүлдегері 2013

"Астана" Қазақстан чемпионы: 2019 Жеке мадақтамалары

Proспорт газетінің нұсқасы бойынша «Жыл жаңалығы 2009». 2009 жылы 22 ең үздік футболистер қатарына кірген. Қазақстан Премьер-Лигасында 33 ең үздік футболистер қатарында.(2009,2011,2012). Ең үздік жас Қазақстан футболисті 2011.

Футболдан басқа Хижниченко Аслан Дарабаевпен,Ренат Абдулинмен және Александр Мокинмен «Стоунз» компаниясына жарнамалық фотосессияға түсті.

Жеке өмірі Сергейдің әкесі-Александр Николаевич дальнобойщик болып жұмыс істейді. Ал анасы-Наталья Николаевна –дүкен басшысы болып жұмыс істейді.Футболистің сонымен қатар Николай деген туған ағасы және Наталья деген әйелі бар.

Қазақстанның жас құрамасының қатарларына жұмылдырылды.Сергей Остапенко жарақаттанғаннан кейін бас жаттықтырушы негізгі ойыншыны ауыстыратын адам іздеді. Сол адам Сергей Хижниченко болды. Бұл Сергейдің Қазақстан құрамасына алғашқы шақыруы болды. 2009 жылдың 10 маусымнында Украина құрамасына қарсы сынға түсті. Ал 2009 жылдың 9 қыркүйегінде Андорра құрамасына қарсы ойында 2 гол cоқты.

Сілтемелер 90minut.pl national-football-teams.com Статистика NFT

Санат:17 шілдеде туғандар Санат:Өскеменде туғандар Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Восток ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Корона ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Шахтер Солигорск ФК ойыншылары Санат:Ақсу (Ақсу) ФК ойыншылары Санат:Алтай ФК ойыншылары