Шикізаттың технологиялық қасиеттерін анықтайтын негізгі руда жасаушы минералына байланысты өнеркәсіптік темір рудалары мынадай типтерге бөлінеді: магнетит; мартит және жартылай мартит; титанмагнетит; гематит және гидрогематит; қошқыл теміртас; сидерит; темірлі хлорит рудалар.

Домнада бірден балқытуға жарамды рудалардағы темірдің мөлшері мынадай болу керек (%): магнетит; титанмагнетит пен гематит рудаларда -46-50; қышқыл теміртаста-37-45; оңай балқитын сидеритте-30-36.

Құрамындағы темірдің мөлшері төмен рудалар байытуды қажет етеді.

Байытуды қажет етеін магнетит рудаларда темірдің кондициялық мөлшері 14-25 %-ке дейін төмен бола алады.

Рудадағы зиянды қосылыстарға күкірт, фосфорит, күшәла, қалайы, мырыш, қоғасын мен мыс жатады.

Өңдеу технологиясына байланысты бұл компоненттердің рудаға максимал мөлшері мынадай болуы мүмкін (%): күкірт-0,15-0,25; фосфор-0,01-0,1; күшәла-0,08; мырыш пен қорғасын-әрқайсысы 0,05; мыс-0,2.

Руда құрамында кальций мен магний карбонаттары болса, сапасын арттырады, ал көп мөлшердегі кремийтотық керісінше руданың сапасын нашарлатады.

Бай темір рудалары домна процесін айналып өтіп, бірден болат дайындауға бара алады; олар тікелей конвертер, мартен немесе бессемер өндірісіне түсуі мүмкін. Ең бай темір рудалары шекемтас алу үшін пайдаланып, содан кейін электрмен болат балқыту өндірісіне беріледі.