Жақсыбөрілі, Қарабас – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында. Ұзындығы 47 км, су жиналатын алабы 2212 км².

Бастауы Бастауын Шалқар көлінен алып, Жайық өзенінің сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Арнасы көлбеу, тегіс келген. Өзен көл суымен және жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,10 – 0,20 м³/с. Жайылмасы шабындық, суы егістік суғаруға, мал шаруашылығына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Теректі ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі