Жақсықарт – Нұра өзенінің оң жағалауындағы шоқы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылынан солтүстікке қарай 11 – 12 км жерде. Ең биік жері 637 м.
Геологиялық құрылымы, жер бедері Ең биік жері 637 м. Ұзындығы мен ені 4 – 5 км. Девон гранитоидтарынан түзілген. Беткейі өзектермен және өзен аңғарларымен қатты тілімденген. Оңтүстігінде көп жерлерде жартастары жер бетіне шығады. Солтүстігінде Бұйрабас шоқысымен шектеседі.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында көптеген дала өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары