Жалаңашкөл – Алакөл алабындағы көл.

Географиялық орны Жетісу облысы, Алакөл ауданының жерінде орналасқан. Алакөл ойысының шығыс бөлігінде, Жоңғар қақпасының солтүстігінде, теңіз деңгейінен 372,5 метр биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 37,6 км², ұзындығы 9 км, ені 5,8 км, ең терең жері 3,2 м, суының жалпы көлі 98 млн. м³. Жауын-шашын және Алакөлдің жайылма суымен толысады. Жағасы негізінен жайпақ, құмды. Желтоқсан-наурыз айлары аралығында мұзы қатады. Суы тұзды. Алабы жайылым ретінде пайдаланылады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы көлдері Санат:Алакөл су алабы