Жалғызтөбе желі — Шығыс Қазақстан облысы Жаңғызтөбе кентінің маңында оңтүстік-шығыстан соғатын дауылды жел. Ол Қара Ертіс өзенінің аңғарында түзіледі де Көкпекті өзенінің ағысына қарсы бойлай, Қаражол тауының Семей — Зайсан автомобиль жолы өтетін асудан асқаннан кейін күшейе түседі, Жарма мен Жаңғызтөбе темыр жолы станцияларының аралығында тым қатты соғады. Көп жылдық бақылау нәтижесінде жел Жалғызтөбе кенті төңірегінде қыс бойы орта есеппен 68 күн, ал тек қаңтар айында 16 күн соғып тұратыны анықталды. Қыста желдің орташа жылдамдығы 40 м/с-тан 70 м/с-қа дейін (қаңтарда) жетеді.Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы Санат:Желдер