Жалпақтау – Шүмек және Ащыөзек өзен аңғарларының арасында орналасқан тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 – 4 км. Абсолюттік биіктігі 891 м. Беткейлері тегістелген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Девон жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, бұталар өседі. Жазғы жайылымдыққа пайдаланылады, мал қыстатылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары