Жамбыоба – Маралды көлінің оңтүстік-батысындағы тұйық көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Павлодар ауданы, Ертіс өзені алабында, Жертұмсық ауылының шығысында 22 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 135 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 3 км2, ұзындығы 2,2 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 7 км. Қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Суы тұзды, сілтілі және кермек. Батысында қарағай ормандары, жағалауындағы бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, бетеге, т.б. түрлі өсімдіктер өседі.‎

Санат:Павлодар ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы