Жандос – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының солтүстік-шығысында 30 км жерде орналасқан тау. Түндік өзені мен оның Қарасу саласының қосылған жерінен 2-3 км жерде.
Жер бедері мен геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 701 м. Ұзындығы мен ені 2–2,5 км. Силур және девон жыныстарынан түзілген. Беткейлері жайпақ, аз тілімденген. Қызғылт қоңыр топырағында әр түрлі дала өсімдіктері өседі.“Қазақстан”:Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары