Жарқамыс — Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы ауыл, Жарқамыс ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қарауылкелді (Байғанин) ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 95 км-дей жерде, Жем өзенінің оң жағалауындағы боз жусан аралас әр түрлі шөптер өскен ақшыл сұр, сортаң қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1929 адам (957 ер адам және 972 әйел адам) болса, 2009 жылы 1852 адамды (983 ер адам және 869 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1657 адамды (887 ер адам және 770 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі Табын ауданының құрылуына байланысты 1928 жылы аудан орталығы болып қалыптасты. 1963 жылы қой шаруашылығымен айналысатын “Ақжар” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Жарқамыста шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істеді.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы елді мекендері