Жарым – Нұра алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 37 км.
Бастауы Қарқаралы тауының солтүстік етегінен басталып, Сырымбет тауының солтүстік-шығысындағы Қатынкөл көліне құяды.
Гидрологиясы Өзен арнасы жоғарғы ағысында тік жарлы, төменгі ағысында кең. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Қар ерігенде өзен суы көтеріледі. Суы шаруашылыққа пайдаланылады."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы