Жыландытау – Торғай үстіртінің орта тұсында орналасқан үстіртті тау жұрнағы.
Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым ауданы жерінде орналасқан. Таудың батысында Қарғалытау, шығысында Қызбелтау төрткілді қыраты қоршап жатыр. Оңтүстігінде 30 км жерде Сарықопа көлі орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биікігі 262 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-ге созылған. Жер бедері Торғай қолатына қарай тік беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Таудың етегінде бұлақтар жиі кездеседі. Бұл жерден Теке өзені бастау алады.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы миоцен дәуірінің саздарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңды қоңыр және шалғынды қоңыр топырағында көкпек, қара жусан, бұйырғын тәрізді өсімдіктер өскен. Жыландытау – жазғы және күзгі жайылым.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Науырзым ауданы таулары