Кемертұз – Ертіс алабында орналасқан тұзды тұйық көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Май ауданы Жамантұз көлінің солтүстік-шығысында. Теңіз деңгейінен 137 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 5,5 км 2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 2,3 км. Жағалау бойының ұзындығы 10 км. Су жиналатын алабы 112 км 2, ең терең жері 0,7 м. Қар және жер асты суларымен толысады. Суы ащы. Қарашаның алғашқы жартысында суы қатып, сәуірдің басында ериді.

Жағалау сипаты Пішіні төрт бұрышты. Жағалауы жазық, түбі майлы. Оңтүстігінде Дөңгелексор, Ақтомар, Қарасор, Жіңішкесор көлдері орналасқан. Маңында Бесқауға, т.б. көптеген жайлаулар бар. Мал суаруға пайдаланылады.

Санат:Май ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы