Кенқұс – Дәутау тауының солтүстігінде 9 км жердегі тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар тауында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 557 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Оңтүстік-батыс беткейі тіктеу келген.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы девон және тас көмір кезеңінің құмтас пен әктас жыныстарынан түзілген. Осы тұстан Ақтөбе – Шалқар темір жолы мен автомобиль жолдары өтеді. Баурайында ірілі-ұсақты шоқылар бар.

Өсімдігі Таудың қиыршықтасты, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбас, бұталар өседі. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы таулары