Керейсай – Желдіадыр тауларының орталық бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 629 м. Көлбеу келген беткейі батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр. Солтүстік беткейіндегі бұлақтардан Керей өзенінің салалары бастау алады. Оңтүстігінен Жақсыкөң өзені ағып өтеді. Батысында Шашты шоқысымен, шығысында Желдіадыр тауымен шектеседі.

Өсімдігі Етегіндегі қоңыр, ашық қоңыр топырақ жамылғысында селеу, бетеге, боз, жусан, тобылғы, т.б. өсімдіктер мен бұталар өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары