‎КИІКМОЛА– Дариялық тақыр жазығының оңтүстік-шығысындағы құмды жалдардың орта бөлігіндегі қоныс. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының солтүстігінде 25 км жерде орналасқан. Сырдария өзені аңғарында. Енсіз қоныс солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 140 м биіктікте. Шығысында Құржайлау, солтүстігінде Телікөл, оңтүстігінде Биіксарықұм қоныстары бар.

Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қызылорда облысы

Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Қазақстан қоныстары