Көкбайтал – Кеңтарлау аңғарының батыс бөлігіндегі оқшауланған тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Нарманбет ауылының оңтүстік-шығысында 33 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 570 м.
Жер бедері Шатқал, сайлармен тілімденген, бірнеше ұсақ шоқылар мен жеке тау массивтерінен тұрады. Оңтүстік-шығыс бөлігінде тұщы сулы Киікбай және өзімен аттас құдықтар бар.
Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңды сұр және қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, көкпек өседі. Баурайы күзгі, көктемгі жайылым.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары