Көкдомбақ – Жақсыкөң және Жаманкөң өзендерінің аралығындағы оқшауланған тау массиві.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылының оңтүстік-батысында 40 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 549 м.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейі көлбеу, пішіні бес жұлдыз тәрізді келген. Девон және тас көмірдің тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстік бөлігінде Алтуайт, Әжіке қыстаулары бар.

Өсімдігі Беткейіндегі бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, селеу, жусан, бұталар өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары