Көккезең – Оңтүстік Алтай жотасының солтүстік-батысындағы тау массиві.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Жамбыл ауылының солтүстік-батысында орналасқан. Бұқтырма өзені аңғарында. Абсолюттік биіктігі 2367 м. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 9 км.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Таудың жер қыртысы гранит, тақтатас, құмтастардан түзілген. Оңтүстік-батыс беткейінен Черновая, Тихая өзендері бастау алады.

Өсімдігі Беткейлерін қылқан және жалпақ жапырақты орман алқаптары алып жатыр. Оңтүстік баурайы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Катонқарағай ауданы таулары