Көксеңгір – Матайқұм құмының оңтүстік-шығысындағы оқшауланған төбе.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан. Үстірт жазығының оңтүстік бөлігіндегі аласа дөң жондарының бірі.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 127 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстігінде Атақұдық қонысы, оңтүстігінде Қарақалпақстанның шекарасы, батыс, шығыс бөліктерінде зираттар орналасқан.
Өсімдігі Сұр бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас жусан, бұйырғын, сораң өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Төбелер Санат:Байғанин ауданы таулары