Көктөбе – Матай тауларының оңтүстігіндегі қыстау.
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылының оңтүстік-батысында 30 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Шынарбассай қыстауы, шығысында Қызылбелбеу қонысы, оңтүстігінде Құлантөбе қыстауы, батысында Көтекасу, Жүзасу асулары орналасқан. Тау баурайындағы қыстаудың шөбі шүйгін, мал жайылымына қолайлы.
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы қыстаулары