Күрден – Қаратау жотасының қиыр солтүстік-батысындағы асу.

Географиялық орны Қызылорда облысы Жаңақорған және Түркістан облысы Созақ аудандарының шекарасында орналасқан.

Жер бедері Теңіз деңгейінен 810 м биіктікте. Сәуір – қараша айларында асудан салт атты адам өте алады. Беткейіндегі бұлақтардан Жиделі, Құрымсақ өзендерінің салалары бастау алады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысы асулары Санат:Түркістан облысы асулары Санат:Тәңір тауы