Кіндікті – Сыпсыңағаш қолатындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Орқаш ауылының оңтүстік-батысында 5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 244 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы — 42,2 км², ұзындығы — 10 км, енді жері — 7 км, жағалау бойының ұзындығы — 40,8 км, тереңдігі — 3,5 м. Суы мол жылдары жағалауына жақын жатқан ұсақ көлдерге қосылып аумағы ұлғаяды. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Жазда айдыны тартылып, сор батпаққа айналады. Аумағын қамыс, құрақ, т.б. өсімдіктер басқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қамысты ауданы көлдері