Кішкенесор – Сілетітеңіз көлінің оңтүстігіндегі тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестөбе кентінің оңтүстік-шығысында 14 км жерде орналасқан. Сілеті өзені алабында. Теңіз деңгейінен 173,5 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 4,4 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 15 км. Көл қазаншұңқырының жағалауы жарлауытты, сортаңды-батпақты келген. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қарашаның 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Алабы мал жайылымы.
Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Сілеті су алабы