Кіші Боғда, Кіші Бөгде – Тұздықақ сорының оңтүстік-батысын ала орналасқан аласа оқшау қырат.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында, Шонай темір жол стансасынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 37,5 м, шығысындағы Тұздықақ сорымен салыстырғандағы биіктігі 45 м. Кіші Боғда палеоген-неогеннің құмтас, әктас, балшық жыныстарынан түзілген. Карст құбылысының әсерінен пайда болған кішігірім үңгірлер мен ұңғыма тәрізді қуыстар жиі кездеседі. Топырағында жусан және сораң шөптер өседі.Қазақстан ЭнциклопедиясыБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Бөкей ордасы ауданы таулары