Кіші Қатпаған – Ұлы Жыланшық алабындағы, Жыланшықтүрме қыратының батыс бөлігіндегі тұзды көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Амангелді ауданы Рахмет ауылының солтүстік-шығысында 36 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 193 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 3,2 км2, ұзындығы 2,2 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км. Жағалауы жарлауытты, аз тілімденген. Оңтүстік жағалауынан көктем айларында бұлақтан бастау алатын ұсақ арна құяды. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Жағалауында қамыс, құрақ өседі.

Санат:Торғай су алабы Санат:Амангелді ауданы көлдері