Матай Бәйісов (1903, Алматы облысы Ескелді ауданы Алдаберген ауылы - 11.11.1943, Украина, Киев облысы Обходнинск ауданы Черняхов с.) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі, пулеметші. Қазақ. Соғыстың алдында Талдықортан МТС-ында жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қазанында шақырылып, Ұлы Отан соғысына Воронеж майданына қарасты 38-армия 136-атқыштар дивизиясының 342- атқыштар полкі құрамында қатысты. 1943 ж. 2 қазанда Днепрдің оң жаталауына алташқы жауынгерлер сапында өтті. Бәйісовтің басшылытындаты шағын топ өздері басып алған плацдармда 2 тәулік бойы жау шабуылына тойтарыс берді. Жеке өзі жаудың 50-ден астам әскерін жойды. Расчет командирі мен пулемет нысанашысының ок- қа үшқанына қарамай Бәйісов станокты пулеметінен оқ атуын тоқтатпады. Бәйісовке КСРО Жот. Кеңесі Төралқасының Жарлығымен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.1.1944)Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 10 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 19 января (№ 3 (263)). — С. 1.
Туған ауылындаты №2 мектеп пен бір көшеге, сонымен қатар Талдықорған, Алматы қалаларындағы бір көшеге батырдың есімі берілген. Туған ауылындаты мектептің алдына батырдың мүсіні орнатылған. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1903 жылы туғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар