Қазыбек – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км.
Бастауы Бастауын Ұлытау тауларыың солтүстік бөлігіндегі бұлақтардан алып, Қаракеңгір өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Арнасы кең, жағасы тік жарлы. Көктемде 10-15 күндей ағады да, жазда құрғап қалады. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы