Қайыңдысор – Сыпсыңағаш қолатының орта бөлігіндегі тұзды тұйық көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының солтүстік-батысында 16 км жерде орналасқан. Өлкейек өзені алабында. Теңіз деңгейінен 214 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 5,6 км2, ұзындығы 3,8 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 10,5 км. Жағалаулары тік жарлармен тілімденген. Солтүстігінде Жолшора, оңтүстігінде Жаркөл, батысында Қуыссор көлдері орналасқан. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толысады. Суы қараша айының аяғында қатып, сәуірде ериді. Жағалауы шабындық, мал жайылымы.

Санат:Қамысты ауданы көлдері