Қараалып – Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы төбе. Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуілді кентінің оңтүстік-батысында 60 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 180 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылып жатыр. Енді жері 1 км шамасында. Көлбеу беткейі жонды-адырлы жазыққа ұласады. Солтүстігінде Бестөбе төбесі, шығысында Кіші Борсық құмы, оңтүстігінде Шот, батысында Шаршаған (Соршаған) төбелері орналасқан. Аллювийлі жазығындағы сортаңды қоңыр топырағында қара жусан, сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. өседі. Қазақстан Энциклопедиясы
Сілтемелер
Санат:Қызылорда облысы географиясы Санат:Арал теңізі