Қарабастау – Жарлы мен Жарым өзендерінің аралығындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігінде, Қарқаралы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі батыс бөлігінде 727 м, шығысында 797 м. Батыстан шығысқа қарай 11 км-ге созылып жатыр, ені 1 – 3 км.

Геологиялық құрылымы Девон және пермь жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Беткейлері эрозиялық процестерге ұшыраған, түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатады. Солтүстігінде Жантөлекөл, шығысында Байтаркөл, оңтүстігінде Қойтас тұзды көлдерімен қоршалған. Солтүстік беткейінен бұлақтар бастау алады.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында әр түрлі дала өсімдіктері өседі.Қазақ ЭнциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары