Қаракөл – Бұғылы тауларының солтүстік-батысындағы шоқы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мұхтар аулының солтүстік-батысында 52 км жерде орналасқан. Сатық-Қараөзек және Қосбақ өзендерінің аралығында. Абсолюттік биіктігі 572 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 7 км шамасында созылған, енді жері 4 км.

Жер бедері Ұсақ шоқылардың беткейлері еңістеніп жазыққа ұласады. Шоқының түпкі жыныстары жалаңаштанған.

Өсімдігі Делювийлі-пролювийлі жазықтарындағы бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу, сұлыбас, бұталар өседі«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9.

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары