Географиялық орны Ақсай – Алматы облысы Қарасай ауданындағы өзен. Қаскелең өзенінің оң саласы. Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 566 км2.

Бастауы Бастауын Іле Алатауының мұздықтарынан алып, әр түрлі ландшафт белдемдерінен өтеді.

Гидрологиясы Ақжар ауылы тұсындағы аңғары 8 м, орташа тереңдігі 0,2 – 0,7 м, ең терең жері 1,2 м. Жылдық орташа су ағымы 2,63 м3/с. Ақсай және оның салаларынан сел жүріп тұрады. Осындай ірі селдің бірі 1921 жылы Ақсай өзенінің бойымен өткен. Сел жүргендегі су шығымы 307,0 м3/с-қа жеткен. Басты салалары: Ақсай, Тастыбұлақ, Ойжайлау, Қырғауылды. Суын елді мекендер егін суғаруға пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы өзендері Санат:Іле су алабы Санат:Алматы өзендері