Ақсу – Сарысу өзенінің алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады.
Бастауы Ордабасы тауы беткейінен ағатын бұлақтардың қосылуынан түзіледі. Жақсы Сарысу өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 42 км, 5 саласы бар. Жағасы жайпақ, өзеннің бастауы бұта өскіндері арасымен өтеді. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасып, шілдеде төменгі деңгейге түседі, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады.“Қазақстан”: Ұлттық эницклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы