Ақтерек — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Ақтерек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылының батысында 85 км жерде, Жетіжол жотасының солтүстік етегінде, қоңыржай-қуаң тау алды агроклиматтық белдемде жатыр.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен30813122 2738 87,7 1571 1424 90,6 1551 1314 84,7

Инфрақұрылымы Онда орта мектеп, клуб, аурухана т.б. мәдени орындар бар. Ақтерек тұрғындары аудан орталығы — Ұзынағаш ауылымен, елді мекендермен автокөлік жолы арқылы қатынасады. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері‎