Арқароты , амбербоа () – астралылар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда оңтүстік және батыс аймақтардың тасты, тастақты, балшықты беткейлерінде, құмды, сортаңды жерлерде өсетін 3 түрі (аласа арқароты, бұхар арқароты, тұран арқароты) бар. Биікт. 2 – 30 (70) см. Сабақтары жапырақты. Жапырақтарын қысқа, бұйра түктер жапқан. Гүлдері қос жынысты, олар көп гүлді, ірі себет гүлшоғырына топталған. Күлтелері қызғылт не сары түсті. Аталығы ұзын, қосымша жіпшелері болады. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Тұқымы ұзынша, қысыңқы, түкті.Қазақ энциклопедиясы I том
Түрлері 9 түрі белгілі.Werner Greuter: Compositae (pro parte majore) Amberboa. In: Werner Greuter, Eckhard von Raab-Straube (Hrsg.): Compositae. Euro+Med Plantbase - the information resource for Euro-Mediterranean plant diversity. Berlin ab 2006. Amberboa amberboi (L.) Tzvelev – Amberboa bucharica Iljin – бұхар арқароты Amberboa glauca (Willd.) Grosch. – Amberboa iljiniana Grossh. – Amberboa moschata (L.) DC. – Amberboa nana Iljin – аласа арқароты Amberboa odorata DC. – Amberboa sosnovskyi Iljin – Amberboa turanica Iljin – тұран арқароты
Сыртқы сілтемелер АМБЕРБОА Растения балконов и терас
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер