Атыжек – Қатутау жотасының шығысындағы тау.

Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 1725 м (Сарытөбе тауы). Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 23 км-ге созылып жатыр, енді жері 15 км-дей. Солтүстік, солтүстік-шығыс беткейлері тіктеу келген, оңтүстігі көлбеуленіп жазыққа ұласып кетеді. Батыс бөктерінен Көктерек өзені ағып өтеді.

Геологиялық құрылымы Тау мезо-кайнозойдың құмтас, мергель, әктас шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Далалық сипатты тауалды жазығында бұйырғын, жусан, күйреуік, тау беткейлерінде бұта, ши аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы таулары