нобай|350px|«Қазақстан» спорт сарайында жүріп жатқан ойын нобай|350px|«Қазақстан» спорт сарайы Қазақстандағы хоккей — 1950 жж. аяғында дами бастады.

1954 жылы Өскеменде, кейінірек Петропавлда, Алматыда, Қарағандыда хоккей командалары құрылады.

Қазақ КСР-дегі петропавлдық «Металлист» жеңіп шыққан алғашқы ел біріншілігі 1955-1956 жж өтеді. Келесі маусымнан бастап жарты ғасыр дерлік ел біріншілігінің жеңімпазы өскемендік команда болды. 60 жж ортасына қарай республиканың әр қаласынан (Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Қостанай, Рудный, Алтай, Глубокое мен Первомай ауылдарында (ШҚО), Павлодар, Целиноград (қазіргі Астана), Ермак (Павлодар облысы), Лисаковск, Орал, Жезқазған т.б.) 20-дай команда болды.

Бүгінгі күнгі Қазақстан командалары: Ресей жоғарғы лигасында өнер көрсететін үш мықты — «Торпедо» (Өскемен), «Қазақмыс» (Сәтпаев), астаналық «Барыс», сонымен қатар Ресей бірінші лигасында ойнайтын қарағандылық «Сары-Арқа», «Горняк» (Рудный), павлодарлық «Ертіс», Қазақстан біріншілігінде алдыңғылармен бірге ойнайтын алматылық «Еңбек» клубы.

1992 жылдың көктемінде Қазақстан Халықаралық шайбалы хоккей федерациясына (ағылшынша — IIHF) қабылданады

Пошта маркаларында

Тағы қараңыз Қазақстандағы шайбалы хоккей Қазақстандағы допты хоккей Қазақстандағы көгалдағы хоккей Қазақстан шайбалы хоккей құрамасы Қазақстан ұлттық допты хоккей құрамасы Қазақстан көгалдағы хоккей құрамасы Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты

Сілтемелер Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы

Санат:Қазақстандағы спорт түрлері