Балуанкөл – Қайрақты өзенінің сол жағалауындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Бұланды ауданы жерінде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 9,5 км2, теңіз деңгейінен биіктігі 256,6 м. Ұзындығы 4,6 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 12,2 км. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Қуаң жылдары кеуіп қалады. Суы тұзды, кермек, сілтілігі төмен. Жағалауы жайпақ, жусан мен сор өсімдіктері өседі.

Санат:Бұланды ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы